Қазақстандық спортшы 125,90 ұпай жинады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Азиада-2017-де Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен еркін бағдарламасын орындады. Төрешілер қазақстандықтың өнерін 125,90 ұпайға бағалаған. Айта кетейік, Тен қысқа бағдарлама бойынша 72,98 ұпай алған болатын.

Сонымен қатар, бүгін тағы бір қазақстандық Абзал Рақымғалиев еркін бағдарлама бойынша мұз айдынына шықты. Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Абзал 189.59 ұпай жинады.