Қазақстандық конькимен жүгіруші Роман Креч спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионатында 500 метр қашықтықтағы бірінші жарыста екінші орын алды.

Бірінші орынды голландиялық Роналд Мюлдер алса, үшінші орынға ресейлік Руслан Мурашов жайғасты.Екінші жарыс Астана уақытымен сағат 02:00-де басталады.

Конькимен жүгіру спорты. Спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионаты. Калгари (Канада)Ерлер. 500 метр. Бірінші жарыс.

1. Роналд Мюлдер (Нидерланды) — 34.182. Роман Креч (Қазақстан) — +0.033. Руслан Мурашов (Ресей) — +0.11