Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Азиада ойындарының қысқа бағдарламасында 9-шы орын алды.
72,98 ұпай жинаған отандасымыз негізгі қарсыластарын алға жіберіп алды. Денис бірінші секіру тәсілін орындағанда қателік жіберіп төмен ұпай жинады. Тағы бір спортшымыз Абзал Рахымғалиев 54,80 ұпай жинап 14-ші сатыда жайғасты.
Әзірше қытайлық Джин Боянг (92,86) бірінші орында. Жапониялық Уно Шома (92,43) екінші сатыда.
Ақпанның 26-сы күні еркін бағдарлама бойынша жарыс өтеді.