Қазақстандық Марат Жапаров Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы спорт түрлерінен Азия ойындарында қазақстан қоржынына қола жүлде салды.

Шаңғымен трамплинен секіру жарысында Марат Жапаров 245 ұпаймен үшінші орын иеленді. Алтын мен күміс жүлде жарыс қожайындары Наоки Накамура мен Юкен Ивасқа бұйырды.

Осы жарысқа қатысқан қазақстандық Сергей Ткаченко алтыншы, Константин Соколенко тоғызыншы, ал Сабыржан Мүмінов он екінші орынмен шектелді.