Германияның Дюссельдорф қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран при жарысының алғашқы күні қазақстандық спортшылар үшін сәтсіз басталды.

Дюссельдорфта өтіп жатқан дзюдодан Гран при жарысында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов 60 келі салмақ дәрежесінде бразилиялық Фелипе Фелиден жеңіліп қалды. Ал дәл осы салмақтағы Бауыржан Жуынтаев испаниялық спортшы Франсиско Каригостан ұтылып қалды.

Айта кетейік, 66 келіде өнер көрсететін жерлесіміз Азамат Мұқанов жарыс жолын шыққан жоқ.