Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаль иеленді.

Отандасымыз 24 ақпанда өткен могул жарысында үздік үштікке ілінді.

Естеріңізге сала кетсек, осы жарыс түрінде әйелдер арасында Юлия Галышева бірінші орын алған болатын. Сондай-ақ, бүгін ерлер арасында із қуу жарысында қазақстандық Ян Савицкий күміс жүлдеге ие болды.