Азия ойындарында биатлоннан 12,5 шақырымға спринтте күміс медаль иеленген қазақстандық Ян Савицкий өзінің өнеріне көңілі толмағанын айтты.

- Бүгінгі нәтижеге көңілім толмады. Өз алдыма алтын аламын деген мақсат қойған болатынмын. Бірақ өкінішке қарай, бұл жоспарды орындай алмадым. Бұған өзім кінәлімін.

- Қандай себептерге байланысты бірінші орын ала алмадыңыз?

- Нысанамен көздеп атуда көп қате жібердім. Сонымен қатар шаршап қалды. Көп уақыт болды, жақындарыма хабарласа алмай жүрмін. Азиада алдында Австрияда бізді допинг қолданды деп айыптаған болатын. Сол кезде менің ұялы телефонымды тартып алған еді.

Фото Ізтұрған Алдашев