Қазақстандық боксшы Айдар Шәрібаев кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жегін 17 наурызда Майамиде өткізеді. Қарсыласы әзірше белгісіз.

Дайындықтың соңғы кезеңін қазақстандық боксшы Майамидегі «Moro's Gym» залында өткізеді.

27 жастағы боксшы кәсіпқой боксты 2014 жылы бастаған. Сол кезден бері Шәрібаев төрт кездесу өткізіп, оның бәрін жеңіспен аяқтады. Үш жекпе-жекті мерзімінен бұрын бітірді.

Соңғы рет Шәрібаев былтыр қазанда Алматыда жұдырықтасқан еді. Сол кезде мексикалық Хуан Окуруді төрешілердің шешімімен жеңген болатын.