Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев келесі кездесуін 17-ші наурыз күні Майамиде өткізеді. Әзірге қарсыласы кім болатыны белгісіз.

Аталған кездесуге соңғы дайындығын Айдар Майамидеге «Moro's Gym» залында жүргізеді.

27 жасар Айдар Шәрібаев кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2014-ші жылы өткізген болатын. Содан бері жерлесіміз төрт кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жетті. Төрт кездесудің үшеуін уақытынан бұрын жеңді.

Соңғы рет Айдар Алматыда жекпе-жек өткізген болатын. Ол сол кездесуінде мексикалық Хуан Окуруды төрешілірдің бірауыздан шешімімен жеңген.