Қазақстандық биатлоншылар Австриядағы әлем чемпионатының эстафета жарысын 12-ші орында аяқтады.

Германия алтын жүлде еншілесе, екінші орынды Украина биатлоншылары алды. Француз қыздары болса, үшінші орынға табан тіреді.

Қазақстан сапында өнер көрсеткендер: Галина Вишневская, Ольга Полтаранина, Алина Райкова және Дарья Усанова.

Биатлон. Әлем чемпионаты

1 – Германия 1:11:16.6 (0+2 0+7)

2 – Украина +6.4 (0+2 0+2)

3 – Франция +8.1 (0+3 0+4)

12 – Қазақстан +2:35.1 (0+2 0+7)