Қанат Ислам АҚШ-та бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен жекпе-жек алдында өткен баспасөз мәслихатында ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін көрсетті, деп хабарлайды prosports.kz. Қанат Ислам баспасөз жиынында тілшілер мен жанкүйерлердің сұрағына ағылшын тілінде жауап беріп, өзін тағы бір қырынан көрсетті. Айта кетейік, Қанат Исламның жекпе-жегі «Қазақстан» және «KazSport» арналарынан көрсетіледі. Жекпе-жек 18 ақпан күні Астана уақыты бойынша 07:55-те басталады.