Арыстанбек Мұхамедиұлы EXPO-2017 көрмесіне арналған бокс кеші өтетінін растады.

«Жазда теннистен Президент кубогін, «Жібек жолы - 2017» халықаралық раллиін рейдін, Дүниежүзілік бокс кеңесінің халықаралық конвенциясы мен бокс кешін өткіземіз», - деді Мәдениет және спорт министрі.

Еске салайық, 2017 жылы 10 маусымда Геннадий Головкин мен ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс Астанада жекпе-жек өткізеді деген ақпарат тараған.