Бірінші орта салмақта WBO Inter-Continental және WBA Fedelatin титулының иегері Қанат Ислам бразилиялық Робсон Ассиспен өтетін бокс кешінің баспасөз мәслихатына қатысты.

«Бүгін барлығын, нағыз чемпиондарды көргенім үшін қуаныштымын. Мен - WBA рейтингісінде төртіншімін, WBO-да бесінші орындамын, Олимпиада ойындарының қола жүлдегерімін. Мен үлкен жекпе-жекке дайынмын, жатпай-тұрмай жаттығып жатырмын. Менімен отбасым, командам - менеджер, бапкер, промоутерім бірге. Бұл жекпе-жектің өтетініне өте қатты қуаныштымын. Ертең кешке кездескенше», - деді Ислам баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Ислам - Ассис жекпе-жегі 18 ақпанда сағат 07:55-те өтеді.