«Реалдың» қорғаушысы Серхио Рамос Чемпиондар лигасындағы «Миланның» ерлігін қайталағысы келетінін жасырмады.

15 ақпан күні мадридтік ұжым Чемпиондар лигасының 1/8 финалының аясында «Наполимен» кездеседі.
«Реал» «Миланның» ерлігін қайталайды деген үміттемін. Екі жыл қатарынан Чемпиондар лигасын ұту өте керемет болар еді. Біз қазір аталмыш жарыстың жеңімпазымыз. Әр қарсыласымызға сыйластықпен қарап, ұтуға тырысамыз», – деді Рамос.
Айта кетейік, италиялық «Милан» клубы 1989 және 1990 жылы Чемпиондар лигасын екі жыл қатарынан ұтқан. Содан бері еш бір еуропалық клуб осы нәтижеге қол жеткізген жоқ.