Футболдан Шотландия чемпионтатында допингтік тестілеу шарасы тоғыз айдан бері өткізілмеді, деп хабарлайды Daily Record басылымы. Басылымның айтуынша, допингтік тестілеу тексерісінің ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылмауы қаражаттың жоқтығына байланысты. Сол себепті Дүниежүзілік антидопингтік ұйым Шотландия чемпионатына наразылығын білдіруде. «Футбол әлемінде жоғарғы дәрежелі біріншілік болуы үшін мұндай салғырттық жіберген дұрыс емес. Шотландия футбол федерациясы бұл оқылықты дер кезінде жөндейді деген үміттемін», - деді WADA басшысы Крэйг Риди.