Еліміздің фристайл могул спортындағы үздік спортшыларымыз Юлия Галышева мен Павел Колмаков шешімін өзгертті.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен спортшыларды Азия ойындарына шығарып салу салтанатында Ұлттық штаттық командалар мен спорттық резерв дирекциясының директоры орынбасары Алексей Крючков хабарлады. Естеріңізге сала кетейін, осыған дейін екі спортшы Универсиада ойындарынан кейін Азиадаға бармауды жөн көрген болатын.