Бүгін Алматыда қазақстандық спортшыларды VIII қысқы Азия ойындарына шығарып салу рәсімі өтті.

Отандық спортшыларға Ұлттық шттатық командалар және спорттық резерв дирекциясының директоры орынбасары Алексей Крючков сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ол Юлия Галышева мен Павел Колмаковтың ойындарға қатысатынын айтты. Олар Саппороға бармауды жөн санаған болатын. Салтанатты шарада еліміздің туы шаңғышы Ердос Ахметовқа табысталды. Ол Азия ойындарының ашылуы салтанатында туымызды алып жүреді. Бұған дейін Ердос Сочи Олимпиадасы кезінде еліміздің туын алып шыққан болатын. Азия ойындарының бірнеше дүркін чемпионы Елена Хрусталева да спортшыларға сәт сапар тіледі.

Қазақстан құрамасы ақ Азиадаға алтыншы рет қатысады. Алматы мен Астанада өткен додада бейресми есепте жалпы командалық бірінші орын алған болатынбыз. Осыған дейін 1996 және 1999 жылдары үздік үштіктің қатарынан көріндік.

Естеріңізге сала кетейін, Жапонияның Саппоро қаласындағы Азия ойындары 19-26 ақпан аралығында өтеді. Қазақстандық делегация 116 спортшыны құрап отыр. Олар спорттың барлық 11 түрінен сайысқа түспек.

Фото: Олег Спивак