Қысқы Олимпада ойындары ең алғаш рет 1924 жылы жазғы Олимпиада ойындарына қосымша жарыс ретінде өткізілген.

1924 жылдың 24-ші қаңтарында Шамониде (Франция) ХОК аясында «VIII Олимпиаданың халықаралық спорт апталығы өткен. Бір қызығы, шараның танымалдылығы артқаны соншалық, «апталық» қысқы Олимпиада ойындары деп аталып кеткен.

Шамонидегі ойындардың ашылу салтанаты

Қысқы апталық

Монбланның баурайында өткен жарыс шындуайтында қысқы Олимпиада ойындары емес еді. Халықаралық Олимпиада комитеті сегізінші Олимпиада ойындары аясында қысқы спорт апталығын өткізуді жөн санаған. Шамониде олимпиадалық символика да, ресми олимпиадалық жалау да көтерілмеді. Дегенмен, оны кейбір жарыстарға әкелген болатын. Сол дәйек кейіннен Шамонидегі спорттық шараны Олимпиадалық жарыс ретінде тануға көмектескен болатын.

Шамонидегі ойындардың дипломы

Жарыс бағдарламасына 8 спорт түрі енді

Қысқы ойындар кезінде 15 медаль жиынтығы үшін талас жүрді. Олар бобслей, конькимен жүгіру, шаңғылы екісайыс, шаңғымен жарыс, мәнерлеп сырғанау, хоккей, шаңғылы патрульдау және трамплиннен секіру спорттары бойынша сынға түскен. Сонымен қатар, керлингтен де жарыс өткен болатын. Бірақ, керлинг жарыстың ресми бағдарламасына енгізілмеген.

Франция құрамасы, қатысушы елдер шеруі

Қысқы Олимпиаданың алғашқы жеңімпазы

Қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы жеңімпазы – америкалық конькимен жүгіруші Чарли Джутроу. Ол 500 метр қашықтыққа жүгіруде жеңімпаз атанған.

Конькимен жүгіру жарысы

Норвегиялықтар қоржынын медальға толтырған Олимпиада

Норвегиялықтар шаңғы спортының барлық түрі бойынша жеңімпаз атанған. 12 медальдың тек біреуін ғана ұта алмай қалған. 18 шақырым қашықтықтағы шаңғы жарысының қола жүлдесі финляндиялық Тапани Никуға бұйырды. Норвегиялық Торлейф Хауг үш алтын және бір қола медаль жеңіп алған болатын.

Шаңғы жарысы. 30 шақырым. Сөре

1924 жылғы ойындардың ең басты феномені — Соня Хени

Ойындардың ең жас спортшысы Соня Хени (Норвегия) болды. Олимпиаданың ашылуы кезіндегі оның жасы – 11 жас, 295 күн. Францияда Соня соңғы орын алған болатын. Бірақ, екінші және үшінші ойындарда ол тек алтын медаль еншілеген.

Соня Хэни

Қателікпен берілген медаль

1974 жылы тарихшы Якоб Хаге 1924 жылы төрешілердің трамплиннен секіру спортында ұпай санауда қате жібергенін анықтады. Сол қателіктің арқасында норвегиялық Торлейф Хеуг қола медаль иеленген болатын. Оның орнында АҚШ туының астында сайысқа түскен отандасы Андерс Хауген болуы керек еді. Хауг сол Олимпиаданың басты қаһарманы болатын. Даулы қоладан бөлек, ол шаңғы жарысында екі алтын, екісайыста бір алтын алған. Торлейфтің ұрпақтары медальды Хаугенге беруге келіскен. Ол кезде ардагер спортшының жасы 86-да еді. Ардагер мен Хеугтің қызы қатысқан сыйлықты табыстау салтанаты Ослода өтті.

Шамони, жарыс күндері

Алғашқы байкот

Саяси көзқарастың кесіренен ойындарға Германия құрамасы қатыстырылмады. Бұл елді Бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушы ел ретінді қарастырған. Жарысқа Эстония мен Аргентина елдері келіп, белгісіз себептерге байланысты жарысқа шықпады. Ал, КСРО франциялықтардан шақырту алғанымен, өз спортшыларын Шамониге жібермеді (дегенмен, олар Хельсинки-1952 Олимпиадасына дейінгі ойындарға қатыспаған болатын).

Жарысты ұйымдастырушы қала - Шамони

Канадахоккейден абсолютті чемпион

Шамонидегі алтынға талас болмаған жалғыз жарыс –хоккей. Канада құрамасы (құрама Торонтоның ардагерлерінен тұратын әуесқой командадан құрылған) бес матчты жалпы алғанда 110:3 есебімен ұтқан. Швейцариялықтармен болған ойында 33:0 есебі тіркеліп, «үйеңкі жапырақтылардың» шабуылшысы Гарри Уотсон 11 шайба лақтырды. Ол жарыста жалпы саны 37 шайбамен көзге түскен. Айта кету керек, бұл нәтиже – әлі күнге дейін қысқы Олимпиада ойындарының рекордтық көрсеткіші.

Канада құрамасы

Қыздар тек мәнерлеп сырғанаудан жарысқа түсті

Жарысқа жалпы саны 16 елден 247 ер адам қатысқан. Әйелдер саны тек 11 еді. Қыздар мәнерлеп сырғанаудан жекелей және жұптық сында бақ сынады. Шамониде екі дүркін әлем чемпионы Xерма Планк-Сабо жеңімпаз атанды. Ал, жұптық сында Xелен Энгельман мен Альфред Бергер топ жарды.

Мәнерлеп сырғана, жұптық жарыс, Шамони

Керлинген британиялықтар жеңімпаз атанды.

Керлинг Шамонидегі ойындардан 2006 жылғы ойындарға дейін демонстрациялық спорт түрі ретінде қарастырылған. Одан кейін ХОК оған ресми атақ берді. Керлингтен жарысқа тек төрт команда қатысты. Соның екеуі Швеция атынан жарысқа түскен болатын. Екінші орын үшін болатын матчта Майор Эстли британиялықтар сапынан швециялықтар құрамына өтіп кеткен еді. Жеңіс британиялықтарға бұйырды.