Биатлоннан Австрияда өтетін әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан құрамасының спортшыларынан тыйым салынған заттар табылды. Осыған байланысты еліміздің биатлон федерациясы түсініктеме берген.

«23 қаңтарда Инцель қаласындағы жанармай құю бекетінде команда мүшелерінен дәрі-дәрмектер табылды. Полицейлер спортшылардың бөлмесіне кіріп тінту жүргізді. Артынша, допинг сынама тапсырылды. Қазір сараптаманың нәтижесін күтіп отырмыз», - деді Манас Үссенов. Хатшының айтуынша, спортшыларда болған дәрі-дәрмектерге рұқсат етілген.