Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Универсиададағы соңғы кездесуін өткізді.

Алтыншы орын үшін өткен матчта жарыс қожайындары Ұлыбритания командасын жеңді.

Қазақстан сапында көзге түскен хоккейшілеріміз: Бұлбұл Қартанбаева (15:42, 49:32), Малика Алдабергенова (24:47), Арай Шегейбаева (25:14), Меруерт Рыспек (35:43), Эльвира Рамазанова (43:30).