Қазақстандық шаңғышылар ерлер арасында 4х7.5 шақырымға командалық эстафетада жүлделі орынға ілінді.

Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы жалпы есепте Ресейді оза алмады. Соңғы сәтте ресейлік шаңғышы жерлесемізді артта қалдырып, өз еліне жеңіс сыйлады. Үздік үштікті Чехия құрамасы қорытындылады.

Осылайша, шаңғышыларымыз бүгін екінші күміс жүлдесіне қол жеткізді.