«Алматы Арена» кешенінде ерлердің мәнерлеп сырғанау жарысының қысқа бағдарламасы басталды.
Мәнерлеп сырғану жарысында қазақстандық Абзал Рақымғалиев жарыс жолына үшінші болып шығып, қысқа бағдарламасын аяқтады. Абзал қысқа бағдарламасы үшін 68,25 ұпай жинап әзірге үздік төрттікте келе жатыр.
Айта кетейік, бұл жарыста басты фаворит саналатын отандасымыз Денис Тен жарысқа 19 болып, ал тағы бір жерлесіміз Ранкин Артур 24-ші болып шығады.