Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхард ақтық бәсекеде ресейлік Сергей Шимбуевтан 13:12 есебімен басым түсіп, Универсиададағы тағы бір алтынын жеңіп алды.

Ал дәл осы сайыста отандасымыз Павел Калмаков қола медаль иеленді. Ол тағы бір ресейлік спортшы Евгений Гедровичтен 20:5 есебімен ұтып алды.

Айта кетейік, Дмитрий бұған дейін могулдың жеке сайыс түрінен жеңімпаз атанған.