Бүгін «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде 10 шақырымға спринт жарысы өтті. Қазақстандық Роман Еременко қола жүлдені иеленді. Алғашқы екі орынды ресейлік биатлоншылар Семен Сучилов пен Дмитрий Иванов алды. Отандасымыз бірінші орыннан 22,3 секунд қалып, үшінші орынға табан тіреді.