Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Унивесиадада еліміздің қоржынына төртінші алтынды салды.

Могул жарысының финалында Галышева 73.80 ұпай жинады. Ол бұл сында ресейлік Анастасия Первушина (62.13, күміс) мен австриялық Катарина Рамзауэрді (52.05, қола) артта қалдырды.

Айта кетейік, бұл Қазақстанның Универсиададағы төртінші алтыны.