Фристайлдан ерлер арасындағы могул жарысында Дмитрий Рейхерд алтын жүлдеге қол жеткізді.

Бұл сында Дмитрий 79.94 нәтижесімен бірінші орын алды. Ресейлік Сергей Шимбуев Рейхердтен бірнеше ұпайға ғана қалып қойды – 79.11, оның еншісінде күміс медаль. Ал үздік үштікті Павел Колмаков түйіндеді. Қазақстандық спортшының көрсеткіші – 76.95.

Айта кетейік, Рейхердтің жеңісі Қазақстанның еншісіне бесінші алтын медальді алып келді.