БАҚ Лиганың 5 турына қатысып 6-шы матчқа шығудан бас тартқан «Алматы» командасының алдағы ойындарында жеңістер қарсылас командаларға беріледі.
Аталған мәселеге қатысты регламентте былай жазылған: «Егер команда біріншіліктегі ойындардың жартысын өткізіп қойса, одан кейінгі ойындарының барлығына техникалық 0:5 есебі жазылып, қарсыласына 5:0 техникалық жеңіс беріледі және сәйкесінше, 3 ұпай еншілейді. Егер команда біріншіліктегі ойындарының жартысын өткізбеген болса, бұған дейінгі ойын нәтижелерінің барлығы есепке алынбайды.