Аргентина құрамасының бас бапкері Эдгардо Бауса болашақта «Ювентус» командасының шабуылшысы Пауло Дибала Аргентинаның белді ойыншысына айналарына сенімді.

«Дибала – Аргентина құрамасының болашағы деген пікірмен толық келісемін. Оның ойынын бақылап жүргеніме біраз болды. Ол қарсыластардың айып алаңында өзін еркін сезінеді. Алайда, ол әлі жас оған әлі де уақыт беру керек. Ол ұлттық құрамаға бой үйретуі тиіс», — дейді Аргентина құрамасының бас бапкері.