Гранаткин Мемориалының үздік жартылай қорғаушысы, жарыстың сұрмергені және Қазақстан ұлттық құрамасының (U-18) капитаны Айдос Орал Prosports.kz тілшісіне Петерборда өткен жарыс пен ресейлік мамандардың қызығушылығы жайлы айтып берді.

- Жарыс біз үшін сәтті өтті. Сайысқа түскен барлық командалардың деңгейі өте жоғары болды. Қосарым жоқ, жарыстың қандай болғанын өзіңіз де көрдіңіз.
- Осындай сәтті өнер көрсетуді құрамадан күттің бе?
- Жарыс басында айтылған сөздерге қарамастан, біз өз күшімізге сендік. Бар күшімізді салсақ, жоғары нәтиже көрсететінімізді білдік.
- Сізді Гранаткин Мемориалының үздік жартылай қорғаушысы деп атады…
- Бұл атақтың мен үшін маңызы зор. Алайда мен өзімді ғана атап өткім келмейді. Себебі жарыста менен бөлек шебер ойыншылар көп болды.
- Ресейлік мамандар мен журналисттер тарапынан қызығушылықты қалай қабылдадың?
- Түк айта алмаймын. Жалғыз адам мұндай ерлік жасай алмайды. Барлығы ауыз біршілігі мықты ұжымның арқасында.
- Болашақ мансабын жайлы не айта аласың?
- Біріншіден «Шахтерге» қайтамын. Сосын ұсыныстар күтемін.
- Жоғарыға деңгейлі клубқа ауысамын деп үміттенудесің ғой?
- Иә, мүмкін.