Гранаткин Мемориалының үздік шабуылшысы, Қазақстан ұлттық құрамасының (U-18) көшбасшысы Еркебұлан Сейдахмет Prosports.kz тілшісіне жарыс жайлы айтып берді.
- Мемориал сәтті өтті. Жарыстан үлкен тәжірибе жинап келдік. Үйде бізді жылы қарсы алғаны қуантты.
- Қандай қарсыласпен ойнау қиынға түсті?
- Барлық командамен ойын қиын болды. Бірінші орын иеленуге толық мүмкіндік болды. Өкінішке қарай, бір нәрсе жетіспеді. Қазір қателерді сараптау қажет. Менің ойымша, біздің құрама болашақта бұдан да биік белестерді бағындырады
- Санкт-Петербордағы жанкүйерлер қолдауын сезіндің бе?
- Ресейде жанкүйерлердің қолдауы сезілді, бізге жергілікті жанкүйелер қолдау көрсетті. Қазақстанда біз үшін алаңдаған жанкүйерлерге мың да бір алғыс. Қолдауларыңыздың арқасында жақсы өнер көрсеттік.