Қазақстандық кәсібқой боксшы Абылайхан Құсайынов (4-0, 4КО) -140 градустық температурада критотерапия қабылдады. Критотерапия - қазіргі заманғы спорттық медицинадағы инновациялық тәсілдердің бірі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Функциялық зерттеулердің мәліметтері бойынша, криосаунаны 15-25 рет қабылдаған адамның төзімділік қабілеті артады. Критотерапия спорттық мүмкіндіктеріңді, күш-қуатыңды жоғалтып алмауға ықпал етеді. Дене жарақаттары жедел сауығып, күш-қуат бойға қайта оралады. Ауыратын жерлер тез қайтады.

Айта кетейік, 25 жастағы Құсайынов 28 қаңтарда Канадада мексикалық боксшы Оскар Мейямен (8-1-1, 3КО) 6 раундтық жекпе-жек өткізеді.