Америкалық боксшы Эдриэн Бронер мексикалық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасында өтуі мүмкін жекпе-жек жайлы пікірін айтты.

«Мэйуезермен келісемін, меніңше, Канело Головкинді нокаутқа жібереді. GGG жартылай орта салмақтағы Брукпен жұдырықтасқан еді, ал Канело нағыз орта салмақ боксшысы болады», - деді Бронер.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес кездесуі қыркүйекте өтеді деп жоспарлануда.