«Астананың» шабуылшысы Кот-д'Ивуармен болған ойында гол және нәтижелі паспен көзге түсті.

Джуниор Кабананга Африка ұлттары кубогындағы қатарынан екінші голын соқты. Африка кубогына Қазақстан Премьер-лигасының тарихындағы алғашқы ойыншының қатысуы белгісіз болған. Дегенмен Конго ДР бас бапкері оны құрамаға алып, негізгі құрамнан орын тауып берді.