Павлодарлық «Ертіс» Түркия жерінде өткізіп жатқан ОЖЖ аясында болгариялық «Славия» клубымен кездесіп жеңіліп қалды.

Қазақстандық клуб алғашқы таймда қақпаларына жауапсыз екі гол жіберіп алды. Ал ойынның екінші бөлігінде қос команда бір-бір голмен алмасты. «Ертіс» қатарынан голды Арман Смаилов соқты.