Орта cалмақ дәрежесінде UFC-нің бұрынғы чемпионы Крис Вайдман келесі кездесуін Гегард Мусасиге қарсы өткізеді. Аталмыш жекпе-жек сәуірдің 8-і, UFC 210 турнирі аясында өтеді. Естеріңізге сала кетсек, америкалық файтер соңғы кездесуінде кубалық Йоель Ромеродан нокаутпен ұтылған болатын, ал армениялық файтер Мусаси ямайкалық Юрая Холлдан есесін қайтарды.