Жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Аманда Нуньес америкалық Ронда Роузидің октагонға оралатынына үміттенеді.

«Менің мансабымда осындай кездер болды. Жеңілу оңай емес. Бірақ егер мықты болсаң, қайта оралуға болады. Жаттығу лагеріңе өзгерістер енгіз және бұдан да мықты болып орал», — деп Нуньестің сөзін MMAFighting жеткізді.