Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчестің пікірінше, Дэнни Джейкобске қазақстандықты ұстау үшін күш жетпейді.

«Головкин соққылар жібереді. Дэнни оған таза соққы жасайды. Джейкобсте бұл үшін қажетті күш бар. Дэннидің иегі әлсіз деп ойламаймын. Оның оң қолмен жасайтын соққыларынан қашуға тырысамын. Стиль бойынша Головкинде басымдық болатын секілді. Психологиялық қысым өте мықты болады, себебі қателессеңіз, жойқын соққы жіберіп алуыңыз мүмкін. Бұл адамды шаршатады, нәтижесінде Головкин ойына келгенін істей алады. Головкинде бар күш Дэнниде де бар деп ойламаймын. Оның машықтары бар, оң қолымен жақсы ұрады, бірақ Головкинді ұстайтын күші жоқ», - деді Санчес.