Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері қазақстандық боксшы Василий Левит «Forbes Kazakhstan» басылымына сұхбат берді.

- Василий, Олимпиада ойындарына дейінгі жолыңыз қандай болды? Бокстан өзге қай спорт түрімен айналастыңыз?

- Бастапқы да мен кикбоксингпен айналасқанмын. Орта сыныптарда боксқа көп көңіл бөле бастадым. Бізде бұл спорт түрі жақсы дамыған. Болашақта Олимпиадаға қатысуға болатынын да ескердім. Осылайша, боксты таңдадым. - 2011-ші жылы Челябинск қаласындағы Ұлттық университетті тәмамдадыңыз. Сол туралы айтып берсеңіз?

- Оңтүстік Уралдағы ең мықты оқу орны болған соң ЧелҰУ-ге түстім. Онда Заң факультетін бітірдім. - Рио-де-Жанейродағы Олимпиада жайлы көп нәрсе айтылды. Тищенкоға қарсы өткен финалдық кездесудің әділетсіз шешімі және т.б. Өзіңізге Олимпиада ойындары немен есте қалды?

- Жалпы бокс турнирі ретінде бұл жарыстың қалғандарынан аса айырмашылығы болмады. Әрине, үлкен той болып жатқаны сезілді. Олимпиада барысында көптеген жаңа адамдармен таныстым.

- Олимпиадада басқа спорт түрлерін тамашаладыңыз ба?

- Олимпиада ойындарында қазақстандықтар бір-бірін қолдады. Отандастарымыз қатысқан күрес пен ауыр атлетика жарыстарын тамашаладым. Негізі бос уақытында мен футбол көремін. Бұрыннан бері «Ливерпульдің» жанкүйерімін.

- Әлемдегі ең сүйікті жерлеріңіз қандай?

- Мұндай екі жер бар. Бұл менің туған жерім - Қостанай облысындағы Федоровка ауылым және қазіргі тұрып жатқан жерім - Астана қаласы.

- Бокс әлеміндегі жақындарыңыз кім?

- Ұлттық құрамада бәріміз доспыз. Бір-бірімізге көмектесіп тұрамыз. Кезінде бокспен айналасқан жігіттермен де үнемі сөйлесіп жүремін. Өзге елдердің боксшыларынан досым жоқ.

- Риодан кейін Қазақстанда сізді «Халық чемпионы» деп атап кетті. Бұған қалай қарайсыз?

- Әрине, бұл жайт мені қуантады. Жанкүйерлердің қолдауы маған өте маңызды. Енді кез келген жарыста жанкүйерлердің үмітін ақтауым қажет.

- Олимпиада артта қалды. Ендігі жоспарыңыз қандай?

- Әзірше, әуесқой бокста қалуды жөн көрдім. Қаңтар айында Алматыдағы АИБА бокс Академиясында жиын басталады, сонда қандай жарысқа дайындалатыным белгілі болады.