Бүгін «Алматы арена» кешенінде Универсиада-2017 аясында баспасөз қызметі өтті.

Жиынның барысында Универсиаданың медаль топтамалары таныстырылды. «Медальдар біздің Универсиада брендіне және Халықаралық студенттер федерациясының талаптарына сәйкес жасалды. Сонымен қатар, Универсиада Алматыда өтіп жатқандықтан, қаланың бренд белгісін таңбаладық. Медаль жазуы үш тілде берілді», - деді 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция директорының орынбасары Камила Лұқпанова.

Айта кетейік, 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадада 2000 мыңға жуық спортшы өнер көрсетіп, спорттың 12 түрінен 85 медаль сарапқа салынады.