Alau.kz порталының хабарлауынша, оқиға 16 қаңтар күні кешкі уақытта болған.

Куәгерлердің мәліметіне сүйенсек, екі спортшы сөзге келіп қалған. Артынша атыс басталып, екі адам жарақат алды. Оқ біреудің иығына, ал екіншісінің басына тиген. Қазір 19 жастағы тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. "Күдікті ұсталды. Травматикалық "Оса" қаруы тәркіленді. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу болады", - деді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі.