Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин UFC жұлдызы Конор Макгрегор мен белгілі боксшы кіші Флойд Мейуэзер арасында болуы мүмкін жекпе-жек жайлы пікірін айтты.

«Бұл Конор үшін қиын болмақ. Мен оны құрметтеймін, ол UFC-дің тамаша спортшысы. Бірақ бокс пен UFC – екі түрлі нәрселер. Бірақ бәрінің де мүмкіндіктері бар. Конорда да мүмкіндік болады деп ойлаймын», - деді Головкин TMZ Sports-ке берген сұхбатында.