Алматыда Универсиада -2017 қарсаңында жүргізілген тексеру шаралары барысында 16 ұры ұсталды, деп хабарлайды Алматы бойынша терроризіммен күрес штабының баспасөз қызметі.

Аталған штабтың мәліметіне сүйенсек, олардың 8-і пәтер тонаумен, 3-еуі қалтаға түсу, төртеуі қоғамдық орындарда ұрлық жасаумен, біреуі көлік «барымтасымен» айналысқан. Жедел алдын алу шаралары барысында ұрылардың Маңғыстау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының азаматтары екені анықталды.
Универсиада аясында Алматы қаласында ауқымды жедел алдын алу шаралары жүреді. Бүгінгі күнгі құзырлы орган қызметкерлері 1 мыңға жуық қоғамдық орындарда, 10 тіркеудегі адамдарды тексерді.
Еске сала кетейік, Универсиада қарсаңында Алматыда ауқымды жедел алдын алу шарасы барысында бұған дейін көшедегі қайыршылар ұсталды .
Осынау қиын заманда мемлекет тарапынан көз алдаушылықпен айналысқан қаншалықты дұрыс? Шет ел азаматтарының алдында мемлектімізде кедейлер мен қылмыскерлер жоқ деген алдау кімге керек? Пікірлеріңіз болса, бөлісіңіз.