MMA-ден жекпе-жек шебері қазақстандық Қуат «Найман» Хамитов демалыстан кейін жаттығуын қайта бастады.
«Найманымыз» оңтүстік Таиландтағы Пхукет қаласында Phuket Top Team MMA клубында жаттығуда. Ол жайлы Қуат өзінің facebook парақшасында жариялады. Айта кетейік, қазақстандық спортшымыз соңғы жеңісті кездесуін Гаджи Рабадановқа қарсы желтоқсан айында өткізген.