Қазақстандық басылымдардың хабарлауынша, HBO, ESPN, Fox және Showtime телеарналарының комментаторы Боб Шеридан On The Ropes Boxing Radio телерадиосына берген сұхбатында Геннади Головкин мен (36-0, 33 КО) Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекке байланысты өз пікірін білдірді (48-1-1, 34 КО):«Бұл өте мықты кездесу болады. Көпшілік Канелоны Головкиннен қашып жүр дейді. Алайда мен олай ойламаймын. Бокс - ол бизнес көзі. Ал Канелоның промоутері Оскар де ла Хойя өз ісінің қас шебері. Оскар ақша жасауды білетін адам. Жылдың ең үздік кездесуіне болжам жасау өте қиын. Егер екі алпауыт кездесіп жатса, Канело ұтады деп ойлаймын. Себебі ол үлкенірек әрі жас». Айта кететін жайт, Головкин — Канело кездесуі қыркүйек айында болуы мүмкін.