UFC 207 турнирында жекпе-жекке шыққан америкалық Ронда Роузи мен бразилиялық Аманда Нуньестің сыйақылары белгілі болды.

Бұл жекпе-жек 48 секундқа созылған болатын. Бразилиялық Нуньес жеңіл салмақтағы атағын қорғап қала алды.

ESPN арнасы хабарлағандай, Роузи бұл кездесуде 3 миллион доллар табыс тапқан, ал Нуньес 15 есе аз ақша алады. Амандаға уәде етілген 100 мың доллар және жеңіс үшін берілетін 100 мың доллар беріледі. .