"Байер" командасының шабуылшысы Хавьер Эрнандеске "Челси" құда түспекші. Мексикалық шабуылшы Антонио Контеге қатты керек болып тұрған жайы бар. Коста жарақат алғанда негізгі құрамға шығатын шабуылшы керек. Лондондық клуб бұл ойыншыға 35 миллион еуро беруге дайын. Кезінде "Мю" сапында ойнаған "Чичарито" Англияға қайта оралуға қарсы емес.