"Понте Прета" командасының 18-жасар шабуылшысы Леандриньо Энрике "Наполи" командасымен келісімге келді. Енді ол 2017 жылдан бастап италиялық клубтың намысын қорғайды. Футболшының трансферіне "Наполи" 500 мың еуро жұмсады. Мамандар сөзіне қарағанда жас футболшы түбі жұлдыз болуы мүмкін.