Әлемнің нөмірі бірінші ракеткасы болған теннисші Ана Иванович спортпен қош айтысты. Ол өзінің фейсбуктегі парақшасына осылай бейнежазба жасады. 29-жастағы спортшыға түрлі жарақаттар кедергі келтіріп, әбден ығырын шығарған. Оның үстіне биыл 12-шілде күні ол атақты неміс аяқдопшысы Бастиан Швайнштайгермен отау құрды. Ал жалпы Ана 2008 жылы Роналд Гаррос турнирін жеңді де әлемнің бірінші ракеткасы атанып еді. Одан бөлек WTA турнирлерінде 14 мәрте жеңіске жетті.