Чилилік теннисшілер 25 жастағы Хуан Карлос Саес (613-ші ракетка) пен 27 жастағы Рикардо Урсуа (940-шы ракетка) – келісілген матчқа қатысы бар деп айыпталуда.

Tennis World USA берген ақпарат бойынша, букмекерлерге 28-ші қараша мен 4-ші желтоқсан аралығында өткен «Фьючерседегі» матч күмән тудырды. Чилиліктердің ойынына өте көп ақша тігілген. Мачтардың өзі де күмәнді болған. Саес 19 жастағы Табилодан ұтылып қалған. Бұған чилилік жарақатынан енді айыққанын айтып ақталыпты.