Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Конор Макгрегор жекпе-жекке қашан оралатыны жайлы сөз қозғады.«Дэна Уайтпен келіскендей, мен спортқа 10 айдан кейін оралуым тиіс. Бірақ, мен демалысымның қай уақытқа дейін созылатынын білмеймін. Менің балам наурыз айында туылуы тиіс. Мүмкін мен мамыр айында жекпе-жек өткіземін. Бірақ, мен сенімді емеспін», — деп Макгрегордың сөзін RTE жеткізді.